Қытай намысын қорғайтын қазақ файтері UFC-дегі жеңісі үшін 50 мың доллар сыйақы алды

23 жастағы Қытай елінің намысын қорғайтын қазақ спортшысы Мақсат Қайсар UFC-дегі жеңісі үшін сыйақыға ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
23 жастағы Қытай елінің намысын қорғайтын қазақ спортшысы Мақсат Қайсар UFC-дегі жеңісі үшін сыйақыға ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қайсар UFC-дегі алғашқы кездесуін Сингапурде ұйымдастырылған UFC 275 турнирінде өткізді.
Оның қарсыласы 30 жастағы америкалық Стив Гарсия болды. Бұл кездесуде қазақ файтері екінші раундта жеңіске жетті.
Содан соң ол "Жекпе-жек кешінде үздік өнер көрсеткен файтер" ретінде UFC ұйымынан 50 мың доллар сыйақы алды.
Ал жекпе-жек кешінің "үздік айқасы" Иржи Прохазка мен бразилиялық Гловер Тейшейра арасындағы кездесу болды.
Жарнама