Қазақстандық команданың файтері UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық Arlan MMA Pro Team өкілі жеңіл салмақта UFC ұйымының белді файтерлерінің бірі Мовсар Евлоев (16-0) осы салмақта ұйымның чемпионы Александр Волкановскиді (25-1) жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Еске салайық, бүгін Волкановски америкалық Макс Холлоуэймен (23-7) үшінші мәрте кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін Евлоев әлеуметтік желісінде жазба қалдырып, аустралиялық файтерді кездесуге шақырды.
"Тамаша жекпе-жек чемпион, Александр Волкановски. Жаңа белестерге аз уақыт қалды. Егер әлсіздермен кездесу өткізіп шаршасаң, менімен жекпе-жекке келісім бер", - деді Евлоев.
Айта кетейік, Мовсар Елоев аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал UFC ұйымында ол алты айқас өткізіп, барлығында қарсыласынан үстем түскен. Қазіргі уақытта Евлоев жеңіл салмақтың рейтингінде оныншы орында тұр.
Волкановски болса бүгін чемпиондық белбеуін төртінші мәрте қорғады.
Жарнама