UFC
14 шілде 2022 14:44

Қазақстандық файтер Агапова UFC-де жекпе-жектен бас тартты

©UFC

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC ұйымындағы келесі кездесуіне қатысудан бас тартты, деп жазады MMAFighting.com порталы. 

Отандасымыз 31 шілде күні Даллас (Техас штаты, АҚЩ) қаласындағы UFC 277 турнирінде кореялық Джи Ен Киммен кездесуі керек еді. 

Бірақ Агапова тізесінен алған жарақатына байланысты аталған кездесуден бас тартыпты. 

Қазақстандық файтердің орнын кім басатыны белгілі болды. Енді оның орнына Джи Ен Киммен панамалық Джозелин Эдвардс жекпе-жек өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport