Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының финалдық кезеңіндегі екінші матчын өткізді.
Қазақстандық хоккейшілер мұз айдынында Қытай құрамасымен кездесті. Матч қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, финалдық кезеңдегі үшінші ойында Қазақстан 14 ақпанда Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.