Қазақстандық хоккейшілер Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын жеңіп алды.
Финалда Қазақстан командасы Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Үшінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.
Айта кетейік, біздің команда бұл Азия ойындарына бесінші рет қатысып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы Харбинде төрт алтын медаль иеленді. Бұған дейін биатлоншы Владислав Киреев, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов (фристайл-акробатика) алтын медальдарға ие болған еді.