"Жуырда кездесеміз". UFC-дегі қазақ Махачевтің жеңісі жайлы

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов UFC 280 турнирінде жекпе-жек өткізген Ислам Махачев пен Петр Янның кездесулері туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов UFC 280 турнирінде жекпе-жек өткізген Ислам Махачев пен Петр Янның кездесулері туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еске салайық, Махачев UFC 280 турнирінің басты айқасында Чарльз Оливейраны (33-9-0-1) екінші раундта сабмишн әдісімен жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленген еді.
"Ислам Махачевті жеңісімен құттықтаймын. Жуырда кездесеміз", - деп жазды Исмағұлов Instagram парақшасында.
Ал ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Ян болса америкалық Шон О'Мэллимен (16-1-0-1) кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді.
"Екі мәрте төрешілер жеңісін ұрлады. Петр Ян бауырым, барлығы сенің жеңгеніңді біледі", - деді Дамир.
Айта кетейік, Исмағұловтың өзі келесі кездесуін 18 желтоқсан күні Арман Царукянмен өткізеді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегас (АҚШ) қаласында болады.
Жарнама