Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) келесі кездесуі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) келесі кездесуі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек жексенбі, 11 шілде күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы америкалық Джером Ривейра (10-5) болады.
Осы кездесудің алдында бүгін Жалғас Жұмағұлов салмақ өлшеді. Arlan MMA Pro Team командасының Instagram парақшасындағы ақпарат бойынша, ол салмақ лимитін орындаған.
Айта кетейік, бұл Жұмағұловтың UFC ұйымындағы үшінші кездесуі. Бірінші айқасында ол бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3), екінші кездесуінде шведциялық Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалған болатын.
Жарнама