Жалғас Жұмағұлов UFC спортшылары қатарынан шығып қалды

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымы құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-аккаунты жазды.
Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымы құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-аккаунты жазды.
Ұйымдағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды хабарлайтын парақшада Жалғастың жекпе-жектері тоқтағаны жайлы ақпар берілген.
❌ Fighter removed: Zhalgas Zhumagulov
— UFC Roster Watch (@UFCRosterWatch) July 13, 2023
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік ұйымда 7 бірдей кездесу өткізді. 6 рет жеңіліп, 1 жекпе-жегін ғана жеңіспен аяқтады. Үш жекпе-жегінде төрешілердің екіге жарылған шешім бойынша жеңілген алғашқы спортшы болды.
Жарнама