Исмағұлов жекпе-жекке шақырған америкалық карьерасын аяқтады
Кезінде UFC ұйымының чемпиондық атағына үміткер болған көпшілікке "Ковбой" лақап атымен танымал болған америкалық Дональд Серроне (36-17-0-2) жеңіліп, карьерасын аяқтады. Соңғы кездесуін ол Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC 276 турнирінде өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

39 жастағы "Ковбой" соңғы кездесуін 38 жастағы отандасы Джим Миллерге (34-16-0-1) қарсы өткізді. Кездесудің екінші раундында Миллер сабмишн (қылқындыру) әдісімен жеңіске жетті.
Бұл Серроненің карьерасындағы 38 кездесу болды. Ол Миллермен екінші мәрте жолықты. Бірінші кездесу 2014 жылы өтіп, ол кезде Дональд нокаутпен жеңіске жетті.
Жекпе-жектен кейін қатарынан алтыншы айқаста ұтылған "Ковбой" карьерасын аяқтайтынын айтты. Ол кездесуінде көпшіліктің сүйікті файтері болды. Ал 2015 жылы чемпиондық белбеуге таласып, америкалық Рафаэль Дос Аньостан жеңілді.
Жалпы өз карьерасында Серроне соңғы рет 2019 жылдың мамырында жеңіске жетті. Содан соң Тони Фергюсон, Джастин Гэтжи, Конор МакГрегор, Энтони Петтис, Алекс Мороно және Миллерге есе жіберді.
Ал Миллер болса UFC ұйымында 24 мәрте мерейі үстем болды. Мұнша жеңіс аталған ұйымда ешқандай файтерде жоқ.
Айта кетейік, жуырда "Ковбойды" Ресей намысын қорғайтын Дамир Исмағұлов жекпе-жекке шақырған еді. Енді бұл файтерлер кездесе алмайтын болды.
Жарнама