UFC
8 маусым 2021 16:26
 

Хабиб Нурмагомедов Олимпиада ойындарына қатыса ала ма? ММА федерациясының президенті жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов Олимпиада ойындарына қатыса ала ма? ММА федерациясының президенті жауап берді Сурет: UFC

Халықаралық аралас жекпе-жек (IMMAF) федерациясының президенті Керрит Браун UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

blog.share

Халықаралық аралас жекпе-жек (IMMAF) федерациясының президенті Керрит Браун UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Хабиб Олимпиада ойындарына қатыса алады. Бұл менің ойым. 

Негізі Олимпиадаға аралас жекпе-жекте өнер көрсететін кәсіпқой да, әуесқой да спортшылар қатыса алады. Бірақ ол үшін аралас жекпе-жек Олимпиада ойындарына қосылуы керек. Біз қазір осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дейін шешіліп те қалатын шығар", - деді ол. 

Айта кетейік, Нурмагомедов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін 2020 қазанда UFC 254 турнирінде өткізіп, америкалық Джастин Порьені жеңді. Осы кездесуден кейін ол аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтайтынын хабарлады.

Жалпы Хабиб аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал UFC ұйымында 13 кездесу өткізді. 

2021 жылдың 19 наурызында UFC президенті Дана Уайт Нурмагомедовтің ресми түрде карьерасын аяқтағанын айтты. Содан кейін ол өз промоушенін ашып, жекпе-жек кештерін өткізуде. 

 

Жарнама

Живи спортом!