UFC
13 ақпан 09:44

Финал! Қытаймен матчте Қазақстан жеңісті үш минутта жұлып алды

©Сали Сабиров

Хоккейдан Қазақстанның ерлер құрамасы Харбиндегі Азия ойындарының финалына жетті, деп жазады Vesti.kz.

Олег Болякин жаттықтыратын команда 1/2 финалда мұзайдын қожайындары - Қытай құрамасымен кездесті.

Есеп ашлымаған ұзақ ойыннан кейін Андрей Старченко 19 жастағы қытайлық Ши Фен Чен қорғап тұрған қақпаға алғашқы голды соқты. Үш минут 13 секундтан кейін Дмитрий Гренц екінші шайбаны салды. 

Үшінші кезең соңына таман (59-минутта) қытайлық Жин Ван есепті 1:2 ете алды. Алайда соңғы минутта Дмитрий Бреус Қазақстан есебіне тағы бір ұпай жазды - 3:1. 

 Енді Қазақстанның финалдағы қарсыласы, бүгін, 13 ақпанда өтетін Оңтүстік Корея - Жапония матчінде анықталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport