UFC
10 қыркүйек 2022 12:26
 

Диаспен Чимаевтің орнына Фергюсон айқасады

  Пікірлер

blog.share

Диаспен Чимаевтің орнына Фергюсон айқасады ©Fighttime.ru

UFC ұйымының басшысы Дана Уайт швециялық Хамзат Чимаев UFC 279 турнирінде америкалық Кевин Холландпен кездесетінін растады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

UFC ұйымының басшысы Дана Уайт швециялық Хамзат Чимаев UFC 279 турнирінде америкалық Кевин Холландпен кездесетінін растады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Негізі Чимаев бұл турнирде Нейт Диаспен жұдырықтасу керек еді. Бірақ кеше Чимаев салмақ істей алмады. Ол салмақ өлшеу кезінде 81 келіні көрсетсе, Диас 77,56 келі болды. 

Осылайша, Диас әрең салмақ жасаса (жартылай орта салмақтың лимиті 77,11 келі. Алайда 0,45 артық болуға рұқсат), Чимаев салмақтан лимитінен өте алмады. 

Енді Чимаев алдағы турнирде Холландпен кездеседі. 

Ал UFC 279 турнирінің басты айқасында Диас Тони Фргюсонмен жолығады. Екі жекпе-жек те бес раундқа жоспарланған. 

Сонымен қатар, бұл кеште Ли Джиглианг пен Даниэль Родригес арасындағы жекпе-жек өтеді.

Турнирдің өзі 11 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!