Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды
Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Исмагулов келесі кездесуін ақпан айының ортасында өткізеді. Оның қарсыласы ауғанстандық Насрат Хакпараст (13-4) болады. Біздің қолда бар ақпарат бойынша, айқас 19 ақпан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді.
Әу баста Хакпараст канадалық Джон Макдессимен (18-7) кездесуі керек еді. Алайда өткен аптада 36 жастағы файтер операция жасатып, сол үшін жекпе-жекке шыға алмайтын болды.
Енді Макдессидің орнын Исмагулов басады. 30 жастағы қазақ спортшысы UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеткен. Қазан айының соңында Дамир бесінші кездесуін өткізуі керек болатын. Бірақ салмақ қуу кезінде денсаулығы сыр беріп, жекпе-жектен бас тартты.
Айта кетейік, 2021 жылы 26 жастағы Хакпарасттың денсаулығы нашарлап, оның қаңтар айындағы Арман Царукянмен кездесуі өтпей қалды. Ал соңғы кездесуін ауғанстандық Жаңа Зеландия елінің өкілі Дэн Хукерге (21-11) қарсы өткізіп, жеңіліп қалды.
2022 жылдың ақпан айында ол UFC екі ірі турнир өткізбекші. Оның екеуінде де қазақ спортшылары қатысады. Тарқатып айтқса, 5 ақпан күні Лас-Вегас қаласында Шавкат Рахмонов (14-0) кездесуін өткізсе, 12 ақпан күні Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) UFC 271 турнирінде Сергей Морозов (17-5) өнер көрсетеді.
Жарнама