Дамир Исмагулов қатардан жарты жылға шығып қалды. Себебі де белгілі
Ресейлік аралас жекпе-жек туралы жазатын журналист әрі инсайдер Игорь Лазорин Ресейің атынан шығатын қазақ спортшысы Дамир Исмағұлов жарақатына байланысты жарты жыл қатардан шығып қалғанын хабарлады.
Ресейлік аралас жекпе-жек туралы жазатын журналист әрі инсайдер Игорь Лазорин Ресейің атынан шығатын қазақ спортшысы Дамир Исмағұлов жарақатына байланысты жарты жыл қатардан шығып қалғанын хабарлады.
"Имағұлов қайта тізесін жарақаттап алды. Бұл ескі жарасы. 2019 жылы Тиаго Мойзеспен өткен кездесуден кейін алған. Ол кезде операция жасатқан болатын.
Дәл қазір Дамир қайта операция жасату туралы шешімді қабылдамады. Ол арнайы бандажбен жүр. Бірақ ол қатардан кем дегенде жарты жылға шығып қалды.
Дамирдің тез жазылып кетуін тілеймін", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Еске салайық, мамыр айында Исмағұлов екі жылдық үзлістен кейін бірінші кездесуін өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңді. Бұл оның қатарынан төртінші жеңісі болды.
Жарнама