Бүгін, 11 ақпанда хоккейден Қазақстан құрамасы Харбиндегі (Қытай) қысқы Азия ойындарының 1/4 финалында ойнайды, деп жазады Vesti.kz.
Олег Болякин жаттықтыратын команда Гонконг құрамасымен ойнайды. Матч қазақстандық уақытпен 13:00-де басталады.
Qazsport ойынды тікелей көрсетеді.
Қазақстан Таиланд (12:0), Қытай (6:1), қытайлық Тайбэй (17:0), Жапония (4:1) және Оңтүстік Кореяны ұтып, 15 ұпаймен А тобында жеңімпаз атанды.
Гонконг C тобында ойнап, Макао (26:1), Үндістан (30:0) мен Түркменстанды (5:1) ұтты. Алайда Қырғызстаннан (5:6) ұтылып, тоғыз ұпай жинаған еді.