Арман Оспановтың нокаутпен жеңілуінің себебі айтылды
Мma.uno порталының шолушысы Стив Дункан Vesti.kz порталының тілшісіне Арман Оспановтың (11-4) АҚШ жерінде Крис Уейдтен (19-6) не үшін жеңілгенін түсіндірді. Әңгіме барысында ол қазақстандық спортшының деңгейі туралы да айтты.

Бұл жекпе-жек 11 маусым күні Атлантик Сити (Нью-Джерси, АҚШ) қаласында өтіп, 33 жастағы америкалық нокаутпен жеңіске жетті.
"Мен Оспанов пен Уейд арасындағы кездесуді көрдім. Маған негізі қазақстандық спортшы көбірек ұнады. Ол шынымен белсенді болды. Техникасы да мықты екен. Егер сол бір соққыны өткізбегенде, кездесу мүлде басқаша аяқталатын еді.
Оспановтың тәжірибесі болмады. Сол үшін де жеңілді. Уейд - аралас жекпе-жектегі мықтылардың бірі. Ол UFC-де өнер көрсеткен. Сондықтан мұндай қиын жекпе-жектерде қалай төбелесу керек екенін біледі. Ол өз мүмкіндігін жақсы пайдаланып, нокаутқа түсіре білді. Дегенмен қазақстандық спортшы жақсы әсер қалдырды. Алдағы уақытта мен оның кездесулерін міндетті түрде қарайтын боламын. Арман көпшілікті таңғалдыра алады", - деді Дункан.
Бұл Уэйдтің қатарынан екінші жеңісі болып тіркелді. Ал қазақстандық спортшы болса карьерасында төртінші рет жеңілді.
Жарнама