Еуропа лигасы
11 тамыз 2020 11:01
 
УЕФА қазақстандық клубтардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды

  Пікірлер

blog.share

УЕФА қазақстандық клубтардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды Сурет: "Астана"

УЕФА еурододалардың бірінші кезеңінде өнер көрсететін барлық командалар чартерлі рейспен ұшу керектігін міндеттеді,- деп хабарлайды "Спорт Экспресс". 

Бірінші кезеңге қатысатын барлық командалардың чартерлік рейстерін УЕФА өз мойнына алды. Ол үшін әр командаға шамамен 40 000 еуро бөлінген. 

Еске салайық, еурододаларда Қазақстанның төрт командасы ойнайды. Тарқатып айтсақ, Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде "Астана" сынға түседі. Елордалық команда сырт алаңда "Динамо-Брест" (Беларусь) командасымен ойнайды. 

"Қайрат" пен "Ордабасы" Еуропа лигасындағы ойындарын өз алаңында өткізу керек. Алматылық команда армениялық "Ноа" ұжымын қабылдаса, шымкенттік командаға румыниялық "Ботошани" командасы түсті. 

Қызылордалық "Қайсар" болса, Еуропа лигасының екінші кезеңінен бастап сынға түседі. Жеребе 31 тамызда тартылады. 

Жарнама

Живи спортом!