Лига Европы
27 маусым 2017 12:22
 
"Қайрат" Бауыржан Исламханның Еуропа лигасының бірінші матчына неге қатыспайтынын түсіндіріп берді

  Пікірлер

blog.share

Алматылық "Қайраттың" капитаны Бауыржан Исламхан 2017/18 жылғы Еуропа лигасының бірінші матчына қатысатын футболшылардың тізімінен тыс қалды. Клуб өкілдерінің Vesti.kz порталына берген мәліметі бойынша, жартылай қорғаушы өткен жылы израильдік "Маккаби" клубына қарсы өткен ойында алған жазасына байланысты тізімге енгебеген екен. 

Өткен жылғы Алматыда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын. Кездесудің 29 минутында Андрей Аршавин есепті ашса, қонақтар Йосси Бенаюннің арқасында есепті теңестірген. Сол ойынның аяқталар тұсында Бауыржан Исламхан төрешімен сз келіп, алаңнан қуылған болатын 

Сөйтіп алматылық клубтың капитаны Тель-Авивте өткен ойынға да қатыспай, "Қайрат" 1:2 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды. 

Алматыда өткен ойында Исламхан екі ойынға шеттетілгеннен кейін ол алдағы литвалық "Атлантас" клубына қарсы екі ойынға да қатыса алмайды. Себебі, Еуропа лигасында ойыншыларды әрбір айналымнан кейін ғана тізімге қоса алады. 

Еске салайық, "Қайрат" және "Атлантас" арасындағы Еуропа лигасының бірінші айналымында бірінші ойын 29 маусым күні Алматыда өтсе, екінші кездесу 6 шілде күні Литвада өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!