Еуропа лигасы
28 тамыз 2017 13:04
 
"Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыласы "Вильярреал" екі қақпашысынан айырылды

  Пікірлер

blog.share

"Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыласы "Вильярреал" екі қақпашысынан айырылды ©marca.com

Еуропа лигасында елордалық "Астана" клубының қарсыласы испаниялық "Вильярреал" екі бірдей қақпашысынан айырылды. 

"Вильярреал" командасының негізгі қақпашысы Андрес Фернандес Испания біріншілігінің екінші турында Реал Сосьедадпен" өткен ойында тізесін жарақаттап алды. Енді Фернандеске операция жасату керек. Содан соң қақпашы үш не төрт ай қалыпқа келеді. 

Сонымен қатар испаниялық ұжым өздерінің екінші қақпашысы Серхио Асенхо да айырылды. Бұл қақпашы маусым басталмай тұрып жақарат алған еді. Оның қатарға қашан қосыластыны әлі белгісіз. 

Енді "Вильярреал" алдағы ойындарда 33 жастағы қақпашы Мариано Барбоса сенім артады. Бірақ клуб жетекшілері бұл қақпашының ойынына көңілдері толмай отыр. Сондықтан да олар алдағы уақытта "ПСЖ" клубының қақпашысы Альфонса Ареоланы жалға алғылары келіп отыр. 

Бұған дейін "Вильярреал" жарақатына байланысты жартылай қорғаушы Роберто Сорианодан айырылған болатын. Италиялық футболшы жаттығу кезінде тізесін жарақаттап, үш аптаға қатардан шығып қалды.

Еске салайық, Испания біріншілігінің алғашқы екі турында "Вильярреал" екі рет жеңілді. Енді Фран Эскриба шәкірттері 10 қыркүйек күні өз алаңдарында "Бетиспен" ойнайды. Одан кейін 14 қыркүйек күні Еуропа лигасының топтық кезеңі барысында "Астананы" қабылдайды. 

Жарнама

Живи спортом!