Лига Европы
17 қыркүйек 2020 22:01

"Астана" Еуропа лигасынан да шығып қалды

Сурет: Vesti.kz
Елордалық "Астана" клубы Еуропа лигасынан да шығып қалды. Бұл команда Алматының Орталық стадионында "Будучност" командасымен кездесіп, жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


Маусымды негізі "Астана" командасы Чемпиондар лигасында бастаған еді. Бірақ бұл турнирдің бірінші айналымында беларуссиялық "Динамо-Брес" командасымен кездесіп, 3-6 есебімен жеңіліп қалды. 

Кейін Қазақстанның алты дүркін чемпионы Еуропа лигасының екінші раундына түсті. Бірақ біздің команда бұл белесті де бағындыра алмады. 

Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 25-минутында Василие Терзич соқты. 

Еске салайық, бұған дейін еурокубок бәселерінде ойнаған шымкенттік "Ордабасы" мен қызылордалық "Қайсар" да жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Енді жалғыз "Қайрат" қалды. Алматылық ұжым өз кездесуін бүгін сырт алаңда израильдік "Маккаби Хайфа" командасымен кездеседі.