Триатлон
23 сәуір 14:12
 

Триатлон федерациясына жаңа басшы сайлынды

  Пікірлер

blog.share

Триатлон федерациясына жаңа басшы сайлынды ©Спорт министрлігі

Астанада Қазақстан триатлон федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті.

blog.share

Астанада Қазақстан триатлон федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, федерацияның 2023–2024 жылдардағы қызметінің қорытындылары шығарылып, одан әрі дамытудың басым бағыттары айқындалды. Сондай-ақ Федерация президентін сайлау рәсімі өткізілді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ержан Біржанов аталған спорттық ұйымның президенті болып сайланды. Бұған дейін ол бірінші вице-президент қызметін атқарған болатын.

Конференция барысында Федерация қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдармен, спорттық ұйымдармен, өңірлік құрылымдармен өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстар да қаралды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!