Теннис
10 ақпан 2021 12:27
 

Зарина Дияс карьерасында төртінші рет Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты

  Пікірлер

blog.share

Зарина Дияс карьерасында төртінші рет Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты Зарина Дияс. Сурет: Оlympic.kz©

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның Ашық чемпионатында (Australian Open) үшінші айналымға шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның Ашық чемпионатында (Australian Open) үшінші айналымға шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz

Заринаның қарсыласы 26 жастағы америкалық Бернарда Пера болды, тегі хорватиялық спортшы WTA рейтінгінде 66-шы орында (Дияс - 83). 

27 жастағы Дияс үш сетте Бернардадан басым болды - 6:4, 3:6, 6:3. Матч екі сағат бес минут өтті. Осылайша, Зарина карьерасында төртінші рет үшінші айналымға шықты (2014, 2015, 2020), бұл - оның турнирдегі үздік көрсеткіші.

Дияс пен Пера былтырғы US Open жарысында бір-бірімен ойнаған. "Үлкен дулығаның" ол кездесуінде Бернарда жеңген еді - 7:6(4), 6:0.

Келесі айналымда Зарина Гарбинье Мугуруса (Испания) - Людмила Самсонова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жарнама

Живи спортом!