Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымына шықты

Әлемдік рейтингте 108-орында тұрған қазақстандық теннисшісі Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әлемдік рейтингте 108-орында тұрған қазақстандық теннисшісі Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Дияс алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 121-сатыда тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті. Бұған дейін қарсыластардың өзара төрт мәрте жолдары тоқайласып, соның үшеуінде жапониялық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы 1 сағат 14 минутқа созылған матчта Дияс 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Енді отандасымыз екінші айналымда әлемнің бесінші, доданың 3-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен ойнайды.
Жарнама