Қазақстандық Зарина Дияс Чикаго WTA 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Іріктеу сайыстарының 4-ракеткасы болып тіркелген Дияс алдымен рейтингте 448-сатыдағы ұлыбританиялық Эден Силваны 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Сайыс финалында ол әлемнің 254-ракеткасы, оңтүстіккореялық На-Лэ Ханьмен күш сынасты.
Ойын барысында 13 брейк-пойнттың 10-ын пайдалана білген Зарина матчте 5:7, 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша Зарина негізгі жарысқа жолдама алды. Чикаго WTA 250 турнирі 23-30 тамыз аралығында өтеді.