Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Путинцева Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан ірі WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті.
Ширек финалда қазақстандық спортшы ресейлік Диана Шнайдерді (WTA 13) 7:6 (7:3), 6:7 (9:11), 6:4 есебімен жеңді.
Финалға шығу үшін Путинцева америкалық Джессика Пегуламен (WTA 7) кездеседі.