Теннис
18 қаңтар 2018 11:23
 
Юлия Путинцева Australian Open турнирінде әлемнің 111-ші теннисшісінен жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Юлия Путинцева Australian Open турнирінде әлемнің 111-ші теннисшісінен жеңіліп қалды Юлия Путинцева. Сурет: zimbio.com

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева бұл күндері Мельбурнге өтіп жатқан Австариялы ашық біріншілігі - Austrlian Open турнирінің екінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Екінші айналымда Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 52-орында тұрған 23 жастағы Путинцева рейтингте 111-орында тұрған 25 жастағы румын теннисшісі Анна Богданмен кездескен болатын. 

Қазақстандық теннисші ойынның бірінші сетін 6:1 есебімен өз пайдасына аяқтаған. Екінші сетте отандасымыз 2:0 есебімен алда келе жатқан. Бірақ бұл басымдықты сақтап қала алмай 2:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Үшінші сетте румын теннисшісі үш геймді қатарынан жеңіп, алға шықты. Кейіннен Путинцева бір геймді өз пайдасына аяқтап, есепті қысқартқан болатын. Дегенмен де Богдан шешуші сетте өз басымдығын сақтап, 6:3 есебімен жеңіп кетті. Кездесу 3 сағат 6 минутқа жалғасты. 

Australian Open турнирінің бірінші айналымында Путинцева екі сетте әлемдік рейтингте 68 орында тұрған америкалық Хизер Уотсонды - 7:5, 7:6 есебімен жеңген еді. 

Еске салайық, бұған дейін Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне шыққан Зарина Дияс пен Михаил Кукушкин турнирдің бірінші айланымынан шығып қалған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!