Үстел теннисінен ҚР ашық чемпионаты басталды
Алматыдағы үстел теннисі Орталығында Қазақстанның командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматыдағы үстел теннисі Орталығында Қазақстанның командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Суперлигада "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан), "Karven" (Қырғызстан), "Казаэронавигация" (Нұр-Сұлтан), "Тигры Масанчи" (Жамбыл облысы), "ТТ Сlub Karaganda -1" және "ТТ Сlub Karaganda - 3", "Шолақ Терек" (Қостанай облысы), "Sarkan" (Алматы облысы), "Sigma" (Шымкент), "Павлодар" командалары өзара мықтыны анықтайды.
Ал бірінші лигада "Хван Ман-Гым-2", ОСДЮШОР Қарағанды-1, "Ардагер" (Алматы), "Жетісу" (Алматы облысы), "Ертіс" (Павлодар), "Andijan" (Өзбекстан), "Pro100" (Алматы), "Жалын" (Шымкент), "Alga Express" (Алматы), "ТТ Сlub Karaganda - 2" клубтары сынға түседі.
Жарыс 13 наурызға дейін жалғасады.
Жарнама