Уимблдонның негізгі жарысына бірде-бір қазақстандық өте алмады

Бүгін қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалындағы кездесулері сәтсіз аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалындағы кездесулері сәтсіз аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денис Евсеев бельгиялық Зизу Бергске 1:6, 2:6, 2:6 есебімен жол берсе, Тимофей Скатов чилилік Кристиан Гариннен аса алмады – 2:6, 5:7, 3:6. Бейбіт Жұқаев франциялық Кентен Галиге 3:6, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберсе, Михаил Кукушкин оның отандасы Юго Гастоннан ұтылды – 2:6, 6:1, 5:7, 1:6.
Әйелдер арасында Зарина Дияс қытайлық Чжосюань Байдан жеңіліп қалды – 2:6, 5:7.
Осылайша, биылғы үшінші "Үлкен дулыға" турнирі - Уимблдонның іріктеуіне қатысқан қазақстандық теннисшінің бәрі жеңіліп, жарысқа жолдама ала алмады.
Жарнама