Теннис
1 қыркүйек 2022 19:02

Теннисші өз жаттықтырушысын зорлық-зомбылық жасады деп кінәлауда

©Reuters

Француз теннисшісі Фиона Ферро өзінің бұрынғы жаттықтырушысы Пьер Бутьерді зорлық-зомбылық жасады және жыныстық қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрледі деп кінәлауда. Франция полициясы осы іс бойынша тергеуді бастап та кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Marca-ға сілтей отырып.

Ол кезде Ферро 15-18 жаста болған. Бутьердің жетекшілігімен теннисші Прованстағы теннис клубында жаттығып жүрген.  

Жаттықтырушыға айып 18 тамызда тағылды. Пьердің адвокатының сөзіне сенсек, 51 жастағы маман қарым-қатынастың болғанын мойындады, бірақ, оның айтыуынша барлығы екі жақтың келісімімен жасалған. Істі тергеу барысында Бутьер кәмелеттік жасқа толмағандарды жаттықтырмайды және Ферромен сөйлесе алмайды. Француз құқық қорғаушылары Бутьердің басқа да теннисшілермен қатынасын тергеуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport