Сансациядан кейін Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингте орны өзгерді

Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында өнер көрсететін бұрымды ракеткалардың рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.
Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында өнер көрсететін бұрымды ракеткалардың рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.
Бұл тізімде алдыңғы үштік өзгерген жоқ: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ).
Ал қазақстандық теннисшілерге қатысты өзгерістер болды:
Елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі саты төмендеп, жетінші орынға түсіп қалды. Ол өткен аптада Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің жартылай финалында күтпеген жерден ұтылып, сенсация болған еді.
Юлия Путинцева 21-орыннан бір саты жоғарлады, Жібек Құламбаева - 320-дан 318-орынға көтерілді, Зарина Дияс - бірден 17 саты көтеріліп, 336-орыға тұрақтады.
Жұптық сында қазақстанның үздік ойыншысы Анна Данилина сол 19-орынын сақтап қалды.
Бұл санатта да алдыңғы үштік өзгермеді: Катерина Синякова (Чехия), Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) және Тейлор Таунсенд (АҚШ).
Жарнама