"Сақ болу керек". Рыбакинаның "Мастерс" турниріндегі келесі қарсыласы мәлімдеме жасады
Чехиялық теннисші Каролина Мучова АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің ширек финалына өтіп, Елена Рыбакинамен ойнайды. Алайда бұл матчтың алдында Мухова Tengri Sport-қа берген сұхбатында денсаулығына қатысты жаңалығын айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 жастағы теннисшінің бұған дейінгі матчтары оңай болған жоқ, төрт ойынның үшеуінде қарсыластарын жеңу үшін қосымша сет ойнауға мәжбүр болды.
Оның келесі қарсыласы ресейлік Варвара Грачеваны 6:3, 6:0 есебімен жеңіп, ширек финалға аса қиналмай өткен Елена Рыбакина болмақ.
Мухова Рыбакинамен матч алдында бұрын алған жарақаттары қайта шыға бастағанын, сондықтан сақ болу керегін айтқан. Бұл мәлімдеме оның жанкүйерлерін алаңдатып қойды.
Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры - 8 800 000 доллар. Жекелей сындағы жеңімпаз 1 262 220 доллар ұтып, рейтингіде 1 000 ұпайға ие болады.
Жарнама