Теннис
30 қазан 16:53

Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыласы анықталды

©instagram.com/lenarybakina

2 қарашада Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирі басталады. Оған маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысады. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина карьерасында екінші рет ең беделді турнирлердің біріне жолдама алып отыр. 

Ол күлгін топ сапында өнер көрсетеді. Рыбакинаның қарсыластары Арина Соболенко (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия) және Чжан Цинвэнь (Қытай) болмақ.

Қызыл сары топқа Ига Швентек (Польша), Кори Гауфф (АҚШ), Джессика Пегула (АҚШ) және Барбора Крейчикова (Чехия) сынды теннисшілер енді. 

Рыбакина 2 қарашада Паолиниге қарсы алғашқы матчын өткізеді. 

Айта кетелік, турнир 9 қарашада аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport