Рыбакинаның Уимблдон турнирінің финалындағы қарсыласы мәлімдеме жасады
Әлемнің екінші ракеткасы, Уимблдон турнирінің финалындағы Елена Рыбакинаның қарсыласы тунистік теннисші Онс Жабер ақтық ойын алдында мәлімдеме жасады, деп жазады "Спорт-Экпресс" басылымы.
Әлемнің екінші ракеткасы, Уимблдон турнирінің финалындағы Елена Рыбакинаның қарсыласы тунистік теннисші Онс Жабер ақтық ойын алдында мәлімдеме жасады, деп жазады "Спорт-Экпресс" басылымы.
Ол көгалда ойнаудың ерекшелігі туралы айтып, Уимблдонда жеңіске жеткісі келетінін мәлімдеді.
"Мен өткен жылдан бері армандауды бастадым. Маған осы жерде ойнау ұнады. Көрермендер көңілімнен шықты. Бұған дейін мен Уимблдон турнирінде көп ойнаған емеспін. Ары кетсе бірінші не екінші айналымда тоқтайтын едім. Көгалда ойнау оңай емес. Бірақ былтыр маған психологым ширек финалда жеңілгеннен кейін кейін, келесі жылы финалға дейін жететінімді айтты. Мен соған сендім. Жеттім. Енді финалда жеңіске жеткім келеді", - деді Жабер.
Айта кетейік, финалдық ойын ертең, 9 шілде күні болады. Екі теннисші үшін де бұл "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдегі бірінші финалы.
Жарнама