Рыбакина WTA рейтингінде төмендеді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінде бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды massaget.kz.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінде бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды massaget.kz.
Жаңарған рейтингте Елена 6-дан 7-орынға төмендеді. Оны америкалық теннисші Джессика Пегула басып озды. Ол жақында ғана Аделаидада өткен турнирдің финалына дейін жеткен еді.
Алғашқы үштікте өзгерістер жоқ. Арина Соболенко (Беларусь) – көш басында, одан кейінгі орындарда Ига Швентек (Польша) пен Кори Гауфф (АҚШ) келеді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина ертең Аустралия ашық чемпионатындағы ойынын бастайды. Алғашқы кездесуі аустралиялық Эмерсон Джонсқа қарсы өтеді.
Жарнама