Елена Рыбакина Гвадалахарада (Мексика) өтіп жатқан WTA турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуладан 6:2, 3:6, 6:7 (8:10) есебімен ұтылды.
Енді 31 қазан мен 7 қараша аралығы Американың Форт-Уэрт қаласында әлемнің ең мықты сегіз теннисшісі үшін өтетін WTA қорытынды турниріне Рыбакина қатыса алмайды.