Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңінде румын теннисшісімен ойнайды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Бұл кезеңде отандасымыз румын спортшысы Соран Кырстямен ойнайды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Бұл кезеңде отандасымыз румын спортшысы Соран Кырстямен ойнайды.
Екінші кезеңде Елена аустралиялық Айла Томляновичпен ойнауы керек болған. Алайда қарсыласы ойнаудан бас тартып, жарысты жалғастырмады. Нәтижесінде қазақстандық теннисші үшінші кезеңге шықты.
Румын теннисшісі екінші кезеңде ресейлік Анна Калинскаядан айласын асырды. Қазіргі таңда WTA рейтингінде 30-орында.
Елена Рыбакина мен Соран Кырстя 2020 жылы екі рет кездескен. Екеуінде де қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.
АҚШ-ғы US Open турнирі 9 қыркүйекке дейін жалғасады. Былтыр бұл жарыста поляк қызы Ига Швентек топ жарған.
Жарнама