Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда германиялық Лаура Зигемундпен (№72) кездесті. Екі сағат 12 минутқа созылған ұзақ матчте Рыбакина 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матчте Елена 5 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Зигемунд 1 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Айта кетейік, осыған дейін тенисшілер өзара бес рет койнап, төртеуінде Рыбакина ұтқан еді.
Енді Рыбакина төртінші айналымға өту үшін даниялық Каролина Возницкимен (№91) ойнайды.