Теннис
3 тамыз 2022 08:55

Рыбакина "Уимблдондағы" тарихи жеңістен кейін екінші рет ұтылды

©РИА Новости

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы ол жұптық сында ойнады. Ресейлік Амина Аншбамен бірге ол америкалық Дезира Кравчик және нидерландылық Деми Схюрс жұбына 2:6, 2:6 есебімен ұтылды. Матч 1 сағат 13 минут өтті.

Мұның алдында Рыбакина жекелей сынның бірінші айналымында ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді - 6:1, 2:6, 0:6.

Осылайша, ол "Уимблдондағы" тарихи жеңістен кейін екінші рет ұтылып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport