Теннис
2 тамыз 2022 10:48

Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейінгі бірінші матчте ұтылды

©РИА Новости

Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирі стартында әлемнің 12-ракеткасы ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рыбакина бірінші сетті 6:1 есебімен сенімді жеңсе, келесі екеуінде жеңіліс тапты - 2:6, 0:6. Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

Теннисшілер өзара үшінші рет кездесіп, текетіресте Касаткина алға шықты – 2:1. Екінші айналымда, яғни 3 тамызда ресейлік теннисші америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі.

Айта кетейік, бұл Рыбакина "Уимблдондағы" жеңісінен кейін қатысқан алғашқы матч болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport