Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штуттгартта басталған WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix жарысын жеңіспен бастады. Отандасымыз алғашқы ойынында ресейлік Вероника Кудерметованы ұтты.
Аса тартысты өткен ойын 2 сағат 35 минутқа созылды. Бірінші сетте Елена 7:6 есебімен басым болып шықты. Екінші сетте 1:6 есебімен қарсыласына жол берді. Ал үшінші 6:4 есебімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Елена Рыбакина мен Вероника Кудерметова өзара төртінші рет кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық спортшы басым болған.
Ширек финалда ол Жасмин Паолини (№14, Италия) - Онс Жабер (№9, Тунис) арасында өтетін ойынның жеңімпазымен кездеседі.