Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг Кубогінің матчында Германияға қарсы ойынды жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл Рыбакинаның Қазақстан жерінде тұңғыш өнер көрсетуі.
Оның қарсыласы Лаура Зигемунд болды. Ойын 1 сағат 12 минутқа созылып, Рыбакина қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Германия арасындағы алғашқы кездесу Юлия Путинцева мен Анжелика Кербер арасында өтіп, қазақстандық теннисші әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңген еді.
16 сәуір күні Қазақстен мен Германия теннисшілерінің арасындағы ойындар жалғасады. Әлі екі жеке кездесу мен бір жұптық сын бар.