Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллсте өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда ол ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенконы 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Бұл кездесу бір сағат, 16 минут өтті. Осы уақытта Рыбакина мен Кудерметова үш эйс жасап, бір қосарлы қате жіберді және 14 брейк-пойнттың алтауын іске асыра алды.
Финалда Рыбакина мен Кудерметова тайбэйлік Се Шувэй және бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды.