Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіліссіз ойын сериясы бойынша жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық Джессика Пегуланы ұтқаннан кейін қазақстандық теннисші үзбей 13 жеңіске жетіп отыр. Бұл Еленаның WTA деңгейіндегі ең ұзақ серия.
Пегуламен матч 7:6 (3), 6:4 есебімен аяқталды. Ойынның ұзақтығы 55 минут болды.
Енді финалда Рыбакина чехиялық Петра Квитова мен румыниялық Сорана Кырстя кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.