Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина чехиялық Катержина Синякованы ойсырата жеңіп, келесі айналымға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бірінші гейм 6:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілсе, екінші геймде жарақатына байланысты Синякова ойынды жалғастырудан бас тартты.
1/4 финалға өту үшін Рыбакина WTA рейтингінде 35-орында тұрған Швейцария елінің спортшысы Хиль Белен Тайхменмен бәсекеге түседі.
Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева осы турнирдің үшінші айналымына шыға алмады. Ол әлемнің 16-ракеткасы америкалық Кори Гауффқа есе жіберді.