Теннис
20 қаңтар 16:04

Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына жете алмады

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

Елена 1/8 финалда америкалық Мэдисон Кизге (WTA – 14) есе жіберді. 1 сағат 50 минутқа созылған ойында қарсыласы 1:2 (3:6, 6:1, 3:6) есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Мэдисон өзара кездесуде 3:2 есебімен алға шықты.

Айта кетейік, Елена қазақстандық теннисшілер арасында жарысты жалғап келе жатқан жалғыз теннисші болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport