Рыбакина әлемдік рейтингте орнын сақтап қалды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады.
Жаңартылған тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 4-орында қалса, Юлия Путинцева 52-ден 50-ге көтерілді. Жібек Құламбаева 464-тен 483-ке құлдырады.
Рейтингтің көш басындағы үштікте өзгеріс жоқ – Ига Швентек 1-ракетка болса, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші сатыда.
Майами финалында Елена Рыбакинаны жеңген америкалық Даниэль Коллинз кеше Чарльстон WTA 500 турнирінде де чемпион атанып, 22-ден 7 сатыға жоғарылап, ТОП-15-ке кірді.
Жұптық сында Анна Данилина 51-ден 54-ке сырғыса, Жібек Құламбаева 143-тен 142-ге шықты. Путинцева – 364, Рыбакина 547-орында қалды.
Жарнама