Теннис
15 қаңтар 16:13

Ресейлік теннисші жерге қарады. Australian Open-де сенсация болды

©Sport Pulse

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы ресейлік Андрей Рублев Australian Open-2025 турнирінен күтпеген жерден шығып қалды, деп жазады Vesti.kz.

Бірінші айналымда Рублев ATP рейтингінде 112-орында тұрған бразилиялық Жоао Фонсекамен ойнады. Екі сағат 23 минутқа созылған матчтегі үш сет қорытындысы бойынша бразилиялық ойыншы жеңіске жетті - 7:6(1), 6:3 және 7:6(5)

Енді екінші айналымда Фонсека италиялық Лоренцо Сонегамен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport