Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Остравтағы WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жекелей сынның 1/8 финалында ол польшалық Ига Швентектен 6:4, 6:4 есебімен ұтылды. Матч 1 сағат, 48 минутқа созылды.
Енді Путинцева Қазақстанға келеді. Ол Нұр-Сұлтанда АТР Astana Open 250 турнирінде бақ сынайды.