Путинцева, Данилина және Жұқаев халықаралық турнирлерді сәтті бастады

Юлия Путинцева, Анна Данилина және Бейбіт Жұқаев халықаралық турнирлерді сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Юлия Путинцева, Анна Данилина және Бейбіт Жұқаев халықаралық турнирлерді сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Юлия Путинцева Гамбургте өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті. Қазақстандық бірінші айналымда франциялық теннисші Эльза Жакмоны 6:2, 6:4 есебімен ұтты.
Дәл осы Гамбургтегі жұптық сайыста Анна Данилина ширек финалға шықты. Ресейлік теннисші Александра Пановамен бірге қазақстандық теннисші Нурия Бранкаччо (Италия) мен Деспина Папамихаилдан (Грекия) - 6:0, 6:2 есебімен басым түсті.
Бейбіт Жұқаев Салинастағы (Эквадор) "Челленджерде" жеңіске жетті. Қазақстандық бірінші айналымда бразилиялық Педро Боскардин Диасты екі сетте ұтты – 6:3, 6:4.
Жарнама