Путинцева Будапешттегі турнирдің ширек финалына шықты
©Reuters
Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) теннистен өтіп жатқан WTA-250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) теннистен өтіп жатқан WTA-250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің екінші айналымында Путинцева Бразилиядан келген Лаура Пигоссиді ұтты. 2 сағат 18 минутқа созылған ойында отандасымыз 4:6, 6:1, 6:2 есебін тіркеді.
27 жастағы қазақстандық спортшы 12 брейк-пойнттың алтауын еншісіне жазды.
Енді жартылай финалға берілетін матчта ол украиналық Леся Цуренкомен кездеседі. Ойын 15 шілдеге жопсарланған.
Жарнама